Медицина • 15 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздік жылдары 1800-ден астам аурухана мен емхана салынды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік кезеңінде 1800-ден астам аурухана мен емхана салынды. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәуелсіздік жылдары 1800-ден астам аурухана мен емхана салынды

«Денсаулық сақтау ұлттың бәсекеге қабілетін арттыратын маңызды саланың бірі ретінде жаңа деңгейге көтерілді. Тәуелсіздік кезеңінде 1800-ден астам аурухана мен емхана салынды. Елордамызда медицина кластері құрылды. Қомақты инвестицияның арқасында фармацевтика саласында маңызды қадам жасалды. Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 71,4 жасқа жетті», деп атап өтті ҚР Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы отандық вакцина жасап шығарылғанына да тоқталды.

«Бұл жетістік ұлттық медицина ғылымының әлеуеті зор екенін көрсетті. Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қоғамдағы мәртебесін көтеруге баса мән беріліп жатыр. Олардың жалақысы және қосымша төлемақысы көбейтілуде», деді Мемлекет басшысы.