Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев спорт кешенінен, бейімдеу орталығынан және жабық жүзу бассейнінен тұратын «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиніне барды, деп жазады Egemen.kz.

Спорт кешені 6 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан. Спорт кешені еркін, грек-рим және әйелдер күресі, казак күресі, бокс, дзюдо, таэквондо, мини-футбол, волейбол, баскетбол, гандбол және т.б. әртүрлі спорт түрлері бойынша ауқымды шараларға арналған. 1285 орынға есептелген (658 стационарлық отыратын орын, жылжымалы мінбелерде – 627 орын). Спорт алаңының көлемі – 22х42 метр, төбесінің биіктігі – 12 метр.
Кешен жаттығу үшін спорттық керек-жарақтармен толық жабдықталған. Паркет жүйесіне ерекше назар аударылады, оңтайлы үйкеліс коэффициенті бар арнайы жабын спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
7 жолға арналған 25х16 метрлік жабық жүзу бассейні түрлі су спорт түрлері бойынша ірі, соның ішінде халықаралық жарыстарды өткізе алады.
Сондай-ақ, орталықта сауықтыру және демалу үшін үй-жайлар, душ, массаж кабинеті, киім шешетін бөлмелер, медициналық кабинет, сауна және жаттықтырушы бөлмелері қарастырылған. БАҚ үшін комментаторлық және паркинг бар.
Бейімдеу-жаттығу орталығында іс-шараларды өткізу үшін толық жабдықталған 108 бөлме, үш заманауи конференц-зал бар. 500 орынды спортшыларға арналған диетологтың қызметтері бар кафе, бассейні бар ашық жазғы алаң қарастырылған.
Жобаға 7,7 млрд теңге инвестицияланды. Almaty Business 2025 кәсіпкерлікті дамыту өңірлік бағдарламасы аясында спорттық құрал-жабдықтар сатып алуға 84 айға жылдық 6%-бен 500 млн теңге сомасында жеңілдікті несие берілді. Осы жобаны қаржыландыру аясында бассейндегі аутист балаларға арналған нұсқаушымен тегін жаттығу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
Қазақстан • Кеше
Азық-түлік белдеуінің әлеуеті нығайып келеді
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Экономика • Кеше
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазақстан • Кеше
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Экономика • Кеше
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Аймақтар • Кеше
Ата-ана және ұрпақ тәрбиесі: Кінә мен реніш
Қоғам • Кеше
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қоғам • Кеше
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
Медицина • Кеше
Абай • Кеше
Руханият • Кеше
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Кино • Кеше
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілуде
Медицина • Кеше
Есірткі саудасы өршіп, пәтер тонау азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мұқан және оның туған топырағы
Қазақстан • Кеше
Технология • Кеше
11 елді мекенде мобильді интернет жоқ
Аймақтар • Кеше
Байрақты бәсеке жалауын көтереді
Спорт • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Полиция Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Екібастұз қаласының әкімі қызметінен кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда гендерлік көрсеткіш жақсарып келеді
Қазақстан • Кеше
ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті
Үкімет • Кеше
11 жастағы қыз Бадам өзеніне батып кетті
Оқиға • Кеше
Қызылорда облысы прокурорының үш орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады
Үкімет • Кеше
Киберфутболдан Қазақстан құрамасы FIFAe рейтингінде жоғарылады
Қазақстан • Кеше
Елордада Ұлы дала даңғылындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
«Ақбақай» алтын шығару фабрикасының екінші кезеңі іске қосылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар