Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2021

ТҮРКСОЙ Қарағанды қаласының кітапханасына кітаптар тарту етті

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық түркі мәдениеті ынтымақтастығы ұйымы Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына осы уақытқа дейін шығарылған кітаптарын сыйға тартты, деп жазады Egemen.kz.

ТҮРКСОЙ Қарағанды қаласының кітапханасына кітаптар тарту етті

Олардың арасында «Абай», «Үш арыс», «Шыңғыс Айтматов», «Олжас Сүлейменов» арт-альбомдары, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев және т.б. ақындарымыздың туындылары бар. Сондай-ақ түбі бір түркі елдерінің өзге мемлекеттерінің тарихы жайында кітаптар тарту етілді. Шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылды.

1

Салтанатты жиынға ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қарағанды облысының және қалалық әкімшіліктің өкілдері, зиялы қауым мен журналистер қатысты.
«Тәуелсіздік жылдары халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы әдебиет саласында үлкен жұмыстар атқарды. Осы уақытқа дейін түркі әлемінің 150-ден астам кітабын шығардық. Олардың арасында Қазақстанға қатысты туындылар баршылық. Биыл Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай біз ақынның шығармаларын 7 тілге аудардып, арнайы кітап ретінде басып шығардық. Түркияның Анкара, Кастамону қалаларында ақынымыздың ұрпақтарын арнайы шақырып тұсаукесер рәсімін жасадық. Жамбыл атамыздың 175 жылдығына орай Жамбыл Жабаев таңдамалы шығармаларының түрік тіліне аударылған кітабын басып шығардық», деді ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов.

Айта кетейік, ТҮРКСОЙ ұйымы бұған дейін өз кітаптарын Алматы қаласының кітапханаларына тарту еткен болатын.