Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021

Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті

609 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті

«Бүгін елімізде мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Салтанатты мейрамға орай «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің аумағында Ту көтеру рәсімі өтті», деп жазылған ҚР Президенті Телерадиокешенінің ресми аккаунтында.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Құрметті қарауылы Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдық мерекесіне орай Мемлекеттік туды салтанатты жағдайда көтеру үшін этно-мемориалдық кешен алдында сап түзеді.

Тутұғырдағы көк Байрағымыз көкке көтерілгеннен кейін Әнұран шырқалды.

 

Соңғы жаңалықтар