Спорт • 16 Желтоқсан, 2021

Футзалдан Еуропа чемпионаты кейінге шегерілуі мүмкін

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты коронавирустың өршуіне байланысты кейінге шегерілуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.

Футзалдан Еуропа чемпионаты кейінге шегерілуі мүмкін

Чемпионат 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Амстердам және Гронинген қалаларында өтеді деп жоспарланған.

Бірақ Еуропада коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты турнир кейінге шегерілуі мүмкін. УЕФА бұл мәселені 18 желтоқсанда шешеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алдағы Еуропа чемпионатына қатысады. Ел құрамасы Италия, Словения және Финляндиямен бір топта өнер көрсетеді.