Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2021

Ескі көлік тапсырудан рекорд жасады

582 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы жүзеге асырылып келе жатқан жылдардан бергі рекордтық нәтижеге қол жетті. 2021 жылы қазақстандықтар 50 005 көлікті жоюға тапсырды. Оның 37 495-і – жеңіл көлік, 4 040-ы жолаушылар көлігі және 8 470-і – жүк көлігі. Істен шыққан машинасын жоюға тапсырғандарға биыл 13,7 млрд теңге қаражат төленген.

Ескі көлік тапсырудан рекорд жасады

Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы іске қосылған уақыттан бері қазақстандықтардан барлығы 214 932 көлік қабылданды.

Ауылшарушылық техникасы бо­йынша бүгінгі таңда 3 206 техника тапсырылды. Оның 2 348-і трактор, 858-і комбайн. 2021 жылы агротехникаларды қабылдауға барлығы 3 380 квота бөлінген болатын.

Бағдарлама аясында жеңіл авто­кө­ліктерге 210 мың, жолаушы және жүк көліктерінің санатына қарай 420 мыңнан 630 мың теңгеге (126-216 АЕК) дейін бағаланады. Агротехниканы тапсы­рушыларға 560 мыңнан 2 млн теңгенің жеңілдік сертификаты бері­леді.

Жеңілдік сертификаты бағдарламасы бойынша 54 834 автокөлік қабылданды. Аталған бағдарламаның нәтижесінде отандық өндірушіден 29 853 жаңа автокөлік сатып алынды.

Айта кету керек, жоюға тапсырылған көліктердің басым бөлігі 1970-90 жылдары шыққан машиналарды құрап отыр.

Аймақтар бойынша көлік тапсыру­дың үздік бестігін Шымкент, Алматы, Тараз, Қарағанды, Павлодар қалалары бастап тұр.

Еске салайық, 2021 жылдың 1 жел­­тоқ­санынан бастап жеңіл, жолаушы және жүк көліктерін қабылдау уақытша тоқтатылды. Себебі, биылға межелі квота толығымен игеріліп отыр. Ал ауыл шаруашылығы техника­сы электронды кезекке сәйкес жыл соңына дейін қабылданады. Ескі көліктерді қабылдауға қажетті квота бөлінгеннен кейін 2022 жылдың қаңтар айынан бағдарлама қайта іске қосылады деп күтілуде, деп хабарлады ӨКМ Операторының баспасөз қызметі.

а

п

р