Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2021

Қазақстан судьялары Әзірбайжанға барды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жоғарғы Соттың делегациясы Әзірбайжанға барды. Делагация құрамында Нұржан Қайыпжан, Ирина Калашникова, Герман Нұрбаев, Аслан Түкиев, Ербол Өмірәлиев секілді судьялар мен Департамент өкілдері – Жанат Бекжанов пен Арман Жүкенов бар, деп жазады Egemen.kz Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан судьялары Әзірбайжанға барды

Бұл сапар Америка адвокаттар қауымдастығының (ABA ROLI) көмегімен ұйымдастырылды. Мақсат – әкімшілік әділет жүйесінің және соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз етудің оң тәжірибесін зерделеу.

Делегация мүшелерімен Әзірбайжан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Рамиз Рзаев кездесті. Меймандарға жоғары сот органының әкімшілік алқасының жұмысы таныстырылды.

Адвокаттар алқасының басшылығымен де кездесу өтті. Сонымен қатар Қазақстан судьялары Баку апелляциялық соты мен Сумгаит соты кешеніне барады деп жоспарлануда.