Нан – тоқшылық, баршылық белгісі. Дастарқанның төрінде тұрған нан, тіпті, нанның иісінің өзі адамның көңілін хош етеді емес пе? Осы аптада Шым-қала тұрғындарының дастарқаны молшылыққа, берекеге кенеле түсті. «Атамекен корпорациясы» ЖШС-нің жер жыртып, егін егіп, диірмен тартумен айналысып келе жатқанына көп жылдың жүзі болды. Адал еңбектерінің арқасында елдің алғысына бөленген бұл серіктестік осы аптада нан зауытын іске қосып, ас атасының түр-түрін шығаруды қолға алды.
Жобаның құны 2,5 млн. АҚШ долларын құрайды және 50 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп отыр. Зауыттағы барлық құрал-жабдықтар шведтер елінен әкелінген. Бұрын-соңды Оңтүстікте шетелдің мұндай озық үлгілі жабдықтары пайдаланылмаған. Жалпы алғанда, кәсіпорын тұтынушылар үшін барлық жағдайды жасауда. Шырайлы қаланы нанмен қамтамасыз ету үшін 10 «Мерседес Спринтер» көлігі сақадай-сай тұр. Осы көліктер арқылы қаладағы азық-түлік дүкендерінің 50-60 пайызына нан жеткізіледі.
«Бұл нан зауыты тәулігіне 50 тонна ұнды қажет етеді. Біздің басты мақсатымыздың бірі – әлеуметтік нанның бағасын тұрақты ұстап тұру. Бағаның аспандамауына көп септігіміз тиеді деп ойлаймын. Өйткені, ұн өзімізден шығады және оның тасымалдануына көп ақша кетпейді. Дәл қазір біздің зауыттан көтерме бағамен сатып аламын дегендер болса, әр бөлке нанды 25-28 теңге арасында беруге дайынбыз. Содан болар, күн сайын тапсырыстың саны артып келе жатыр», дейді «Атамекен корпорациясы» ЖШС-нің директоры Мұрат Төлтебаев.
Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев зауыттың заманауи технологиясына тәнті болғанын жасыра алмады. «Зауыттың тәулігіне 150 мың дана нан шығаруға мүмкіндігі бар. Өте қымбат жабдықтармен жұмысын бастап отырған алғашқы кәсіпорын. Бұл шетелдік жабдықтардың ең басты ерекшелігі – энергияны үнемдейді. Бұл, әрине, шығынды азайтатыны анық. Зауыт нанды барлық талаптарға сай шығарып отыр, арнайы зертханасы бар», дейді Сапарбек Құрақбайұлы.
Бір сөзбен айтқанда, барлық талапқа сай бұл зауыт әр үйге тоқшылық, береке сыйлай бермек.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.
Суреттерді түсірген Арман ӘБДІРАШҰЛЫ.

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20