Қоғам • 21 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда 643 шетел азаматы басшылық қызметтер атқарады

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 15 527 шетел азаматы еңбек етуде, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 643 шетел азаматы басшылық қызметтер атқарады

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде келесі санаттар бар:

  • Бірінші санат – 643 (басшылар және олардың орынбасарлары),
  • Екінші санат – 3 210 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).
  • ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға 7 748 және 735 адам жатады.

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 134 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 2 057 адам тартылған.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 261 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 460 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды», дейді ведомство баспасөз қызметі.

Жалпы, елімізде Қытайдан – 3 784 адам, Ұлыбританиядан – 1 996 адам, Түркиядан – 1 985 адам, Үндістаннан – 1 182 адам, Өзбекстаннан – 1 138 адам қызмет етеді.

Еске сала кетсек, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.