Үкімет • 21 Желтоқсан, 2021

Нығматулин Румыния Парламенті Сенатының вице-спикерімен кездесті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Румыния Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Алина-Штефания Горгиумен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нығматулин Румыния Парламенті Сенатының вице-спикерімен кездесті

Қос тарап Қазақстан-Румын ынтымақтастығының серпінді сипатын атап, барлық саладағы әріптестікті нығайту ниеттерін білдірді.

Мәжіліс спикері Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің еліміз бен Румыния арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы негізгі рөлін атап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың екіжақты ынтымақтастықты барынша жалғастырып келе жатқанын жеткізді.

«Қазақстан - Румыния үшін маңызды серіктес. Бізде екі елдің мүддесі үшін өзара іс-қимылды дамыту бағыттарының кең ауқымы бар», деді Румыния Сенатының вице-спикері Алина-Штефания Горгиу.

Перспективалы бағыттар арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, экология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары атап өтілді. Нұрлан Нығматулин қазақстандық және румын парламентшілерінің бірлескен жұмысының жандануы заң шығару қызметінің тәжірибесімен алмасуға, сондай-ақ парламентаралық ұйымдар шеңберінде неғұрлым тығыз өзара іс-қимыл жасауға ықпал ететініне сенім білдірді.

Мәжіліс Спикері атап өткендей, қазіргі уақытта қазақстандық депутаттар ел Президентінің саяси реформаларын қолдау үшін заңнамалық базаны құру, өнеркәсіптік саясат, биологиялық қауіпсіздік және басқа да салалардағы заңнаманы жетілдіру жұмыстарын жалғастырып келеді.

щд

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35