Хоккей • 21 Желтоқсан, 2021

ҚХЛ: «Барыс» командасы «Автомобилистпен» ойнайды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында жаңа жылға дейінгі сырт айдындардағы ойындар сериясын 21 желтоқсан күні Екатеринбургте бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.



ҚХЛ: «Барыс» командасы «Автомобилистпен» ойнайды

Юрий Михайлистің шәкірттері ҚХЛ-да плей-офф кезеңіне шығу үшін негізгі қарсыластарының бірі саналатын «Автомобилист» командасымен күш сынасады.

Қазіргі кезде «Автомобилист» 39 ұпаймен Шығыс конференциясында жетінші орында келеді. Одан бір ұпайы кем «Барыс» сегізінші сатыда тұр. Сондықтан алдағы кездесу қос команда үшін де өте маңызды.

Қыркүйек айының соңында «Барыс» пен «Автомобилист» биылғы маусымдағы алғашқы матчын өткізген еді. Елордада айдын иелері овертаймда жеңіске жетті (5:4).

Қос команда арасындағы бүгінгі ойын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-де басталып, тікелей эфирде «Qazsport» және «KHL Primе» арналары арқылы көрсетіледі.