Елімізде уақыт ағымымен қалыптасқан жақсы бір дәстүр бар. Ол жыр алыбы Жамбылдың туған күнін жыл сайын атап өту. Биыл да Жетісу жерінде бұл үрдіс өз мәресінен көрінді. Салтанатты жиында дүйім жұрттың алдына шыққан Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов: «Жамбыл менің өз атым, Халық менің шын атым» деп артына өшпес із, өлмес мұра қалдырған бабаның жауһар жырлары уақыт өткен сайын саф алтындай жарқырай түсуде», деп атап көрсетті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы жыршы Жамбыл – қазақтың дәстүрлі әдебиетінің аса дарынды, асқақ жаратылған алып өкілі» деген еді. Жамбылдың ешкімге дес бермеген суырып салма ақындығымен қоса, жыраулығы, күйшілігі, қазақ халқын күллі әлемге танытқан үстіне таныта түскені ақиқат. Сөйтіп, талайларды тамсантып қана қоймай бас идіріп, Жамбыл ХХ ғасырдың Гомері атануы тегін емес. Бір ғасыр ғұмыр кешіп, ұрпағына өлшеусіз мұра қалдырған жыр алыбы кейінгі толқынның қызығушылығын туғызып һәм қазақ тілінің қайнарына қандырып, сөз құдіретін ұғындыруда. Сонымен қатар, айтыс өнері арқылы жастардың асқақ адамгершілік сезімі шыңдалып, елге, жерге, туған тілге деген сүйіспеншілігі артуда. Бүгінгідей әр ұлт өзінің табиғи болмысын сақтау арқылы өркениет өріне ұмтылып жатқан тұста, жас өскіндерді Жамбыл жырлары арқылы ұлттық құндылықты қастерлеуге бейімдеу біздің азаматтық борышымыз деп есептеймін. Жыл сайын дәстүрлі түрде Жамбыл күні мерекесін өткізу «жамбылтану атты үлкен арнаның басталғанын, оның мәңгілік тақырып екенін аңғартады. Жамбыл тойы – қазақ мәдениетінің, қазақ өнерінің тойы, ортақ қазынамыз деді. Әкім одан кейін Жамбылдың шөбересі Әлімқұл Жамбыловтың иығына құндыз жағалы шекпен жауып, басына бөрік кигізді. Мұны азаматтың білгендігі, асылдың сынығын бағалағандығы, деп ұқты жиылған қауым. Салтанат соңы өңір өнерпаздарының әуелете салған әсем әндері мен күмбірлете төккен күйіне ұласты.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл ауданы,
Алматы облысы.

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20