Руханият • 21 Желтоқсан, 2021

Түркі академиясының басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында тараптар түркі халықтарының мәдени және рухани дәстүрлерін одан әрі нығайту және сақтау, осы бағыттағы өзара іс-қимылды артырудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz.

Түркі академиясының басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Садыр Жапаров қырғыз-қазақ екіжақты қарым-қатынастарын нығайтуға және дамытуға әрқашан дайын екенін атап өтті.
 
Президент Дархан Қыдырәлінің екі халық арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Қырғызстанға жасаған сапарына ризашылығын білдіріп, академия жұмысына жоғары баға берді.
 
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Халықаралық Түркі академиясының тұңғыш президенті ретінде Дархан Қыдырәлінің түркі халықтарының ғылыми және білім беру қызметін дамытуға, сондай-ақ түркі тілдес елдердің мемлекет қайраткерлерінің бастамаларын қолдауға елеулі үлес қосқанын айтты.
 
Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғысын білдіріп, Халықаралық Түркі академиясының басым міндеттері мен жоспарлары туралы баяндады.
 
1