Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздікті нығайту – саяси жауапкершілік

432 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Qazaqstan Team республикалық жастар ұйымының белсенділері «Елдіктің жеті тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Іс-шараға аға және жас ұрпақ өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, спортшылар мен кәсіпкерлер қатысты.

Тәуелсіздікті нығайту – саяси жауапкершілік

Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында Қазақ­­стан­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баев қазақстандықтар үшін негізгі бағдар бола­тын «Елдіктің жеті тұғы­ры» қағидаттарының жиын­ты­ғын ұсынған болатын. Атал­ған тақырыпқа байланыс­ты ұйымдастырылған дөң­гелек үстелдің модера­торы Qazaqstan Team рес­пуб­ликалық жастар ұйы­мы­ның жетекшісі Олжас Сү­лейменов болды.

Спикерлер ретінде Пре­зидент жанындағы Жас­тар саясаты жөніндегі ке­ңес­тің мүшесі Уәлихан Бах­ретдинов, ҚХА кеңесінің мүшесі, «Ассамблея жас­тары» РҚБ төрағасы Ти­мур Жұмырбаев, Нұр-Сұл­тан қаласының WT таэк­вон­до федерациясының вице-президенті Арал Са­дықов, Munarat мектепке дейінгі білім беру жоба­сы­ның негізін қалаушы Ерке­бұлан Амантаев, «Қара Ша­ңы­рақ» РҚБ жетекшісі Баян Ахатай, sabaq.online плат­формасының директоры Бө­генбай Серікбай қатысты.

А.Садықовтың пікірін­ше, спорт «Елдіктің жеті тұ­ғыры» қағидатындағы өте маңызды сала, өйткені саламатты өмір салты – ұлт денсаулығының кепілі. Өз сөзінде Б.Ахатай «Қоғам­ның барлық саласының бас­тауында тұнық тәрбие – мә­дениет тұрғанда ғана қо­ғамның көші түзеледі. Ал тәр­бие тал бесіктен екенін ескер­сек, көп құлыпты ашатын бір кілт аналардың қо­лында. Сондықтан ана­лардың тәрбиесі мен білімі, мәдениеті ұштасқанда ғана саналы бала, сапалы ұрпақ қалыптастыра аламыз», деді.

«Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы, отбасы мен салт-дәстүр құн­ды­лықтарының бастапқы қа­дамы болып табылады», деді Е.Амантаев.

«Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығы қарсаңында Қазақ­станның жастары алдында Қазақстанның іргесін нығайту әрі дамыту міндеті тұр. Бұл биік мұратты түсіну және оның орындалуына күш-жігерін қосу өскелең ұрпақтың басты тарихи және саяси жауапкершілігі», деді У.Бахретдинов.

«Біз еліміздің одан әрі дамуына үлес қосуға тырысамыз. Ал «Елдіктің жеті тұ­ғырының» маңыздылы­ғын жастарға жеткізу – біз­дің парызымыз. Елбасы өз үндеуінде бізге, келешек ұрпаққа, жастарымыз­ға осындай жауапты миссияны жүктегеніне өте қуа­ныштымын. Qazaqstan Team таланттарды анықтау алаңы болып, сол арқылы жастар саясатын күшейтеді деп сенеміз», деп түйіндеді Олжас Сүлейменов.

Айта кетейік, Qazaqstan Team бірлестігінің негізгі мақсаты – жастардың волон­терлік қызметін танымал ету, ұйымдастыру және үйлес­тіру.