Спорт • 22 Желтоқсан, 2021

Қоржында – 60 жолдама

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылы Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде алауы тұтанатын Қысқы Олим­пия ойындарына Қазақстан құра­масы 60 лицензия жеңіп алды.

Қоржында –  60 жолдама

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, қазақстандық спорт­шылар спорттың жеті түрінен жолда­маны қоржынға салған. Атап айтқанда, бүгінге дейін жерлестеріміз шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл (могул, акробатика), тау шаңғысы, шорт-трек және конькимен жүгіру секілді спорт түрлерінен жолдама алып үлгерген.

«Олимпиадаға іріктеу жарыстары 2022 жылғы қаңтардың ортасында мәресіне же­теді. Ұлттық құрамаларға квота мен лицензияны бөлу 2022 жылдың 16 қаңтарында аяқталады», делінген ведомство хабарламасында. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында өтеді. 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ұйымдастырылған Олимпиадада Қазақстан 57 жолдама жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Бүгін, 10:17

Сезімтал сенсор

Ғылым • Бүгін, 10:15

Мамандыққа адал әулет

Қоғам • Бүгін, 10:10

Мерекелік барокко кеші

Өнер • Бүгін, 09:55

Ғарышты әнімен тербеген

Өнер • Бүгін, 09:45