Спорт • 22 Желтоқсан, 2021

Қазақстандық үш каратеші Азия чемпионатының финалына шықты

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда каратэден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының бірнеше өкілі бірден финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық үш каратеші Азия чемпионатының финалына шықты

68 келіден жоғары салмақтағы Софья Берульцева іріктеу кезеңінде Гонконг пен Иран спортшыларын жеңді. Финалда оны жапониялық Савае Юдзуки күтіп тұр.

50 келі салмақта Мөлдір Жаңбырбай да финалға шықты. Бірінші орын үшін ол Джуна Цукимен (Жапония) кездеседі.

Сәбина Захарова (55 келіге дейін) мен Әсел Қанай (68 келіге дейін) үшінші орынға таласады.

Ерлер арасында Андрей Актауов (55 келіге дейін) финалға шықты. Ол Сауд Арабиясының өкілі Барги Ясирмен құрлықтық доданың басты жүлдесін сарапқа салады.

Жастар арасындағы әлем чемпионы Еркінбек Байтөреев (60 келіге дейін) үшінші орынға таласады. Дәл осындай аралық нәтижеге Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін), Нұрқанат Әжіқанов (75 келіге дейін) және Бейбарыс Жаңбыр (84 келіге дейін) қол жеткізді.

Жекпе-жек ертең, 22 желтоқсанда өтеді.