Соңғы деректерге сенсек, бүкіләлемдік бокс ұйымы қазақстандық боксшыны WBO International белдігінен айырған. Қанат Ислам екінші дәрежелі бұл белдікті 2019 жылы намибиялық Уолтер Каутандокваны жеңген сәтте иеленген болатын. Бұдан кейін Қанат осы жылдың ақпан айында эквадорлық Джейсон Минданы уақытынан бұрын ұтқанымен, аталмыш жекпе-жекте WBO International белдігі сарапқа салынған жоқ.
Бәлкім WBO Қанаттың ұзақ уақыт бойы белдікті қорғамағанын ескеріп, боксшыдан екінші дәрежелі белдікті тартып алғанды жөн санаған шығар. Қанат келесі кездесуін 21 қаңтар күні Флоридада өткізеді деп күтілуде.