Экономика • 22 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда көмір тасымалдайтын вагондар саны артты

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың депутаттар сауалына берген жауабында айтылған, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда көмір тасымалдайтын вагондар саны артты

«Жүк жөнелтушілерді вагондармен қамтамасыз ету үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірқатар оперативтік іс-шаралар қабылдады. Оның ішінде көмір тасымалдауға жұмылдырылған ашық вагондардың саны ұлғайтылды. Қазіргі уақытта ашық вагондардың саны 13 мың данадан 16 мың данаға дейін ұлғайтылды», делінген Роман Склярдың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар ол көмір тасымалдау үшін көршілес теміржол әкімшіліктерінің ашық вагондары тартылғанын атап өтеді.

«Қазтеміртранс» АҚ-ның ашық вагондарына басқа номенклатуралық жүктерді және экспортқа жүк тиеулер шектелді. Жылу электр станцияларына жөнелту жұмыстары күн сайынғы бақылауда тұр. Айналма бағдарлар ұйымдастырылды. Жылжымалы құраммен қамтамасыз етілуде», деді Үкімет басшысының орынбасары.