Петропавл қалалық соты мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатының орын алуына себепкер болған полиция полковнигі Владимир Зиборовты 9 айға жүргізуші куәлігінен айырды. Бұл туралы Remarka.kz хабарлады.
«Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті тылдағы қамтамасыз ету бөлімінің бұрынғы басшысы Владимир Зиборовқа 9 айға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды», – делінген Петропавл қалалық әкімшілік сотының судьясы Алена Девяткинаның қабылдаған шешімінде.
Сот процесіне Владимир Зиборовтың өзі қатысқан жоқ. Тек жол апатынан зардап шеккен азаматтар ғана келді.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы полиция полковнигі мас күйінде өз иелігіндегі «Chevrolet Niva» көлігімен «Toyota» мен «Mitsubishi Pajero» маркалы автокөліктеріне соққан. Әрі ол жолаушылар автобусын да соғып өткен екен. Оқиға орнында болған куәгерлер мас полковниктің аяғын нық баса алмай тұрған сәтін бейнекамераларға түсіріп алған. Кейін бұл бейнебаяндар интернетке тарады.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Remarka.kz.
Фото: Total.kz.
• 07 Наурыз, 2014
Полиция полковнигі жүргізуші куәлігінен айырылды

UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20