«30 желтоқсаннан бастап SCAT әуекомпаниясы бейсенбі күні аптасына бір рет жиілікпен Б-757 типті әуе кемесінде Алматы-Фукуок бағыты бойынша рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр». деп жазады ведомство.
Әуе қатынасын қалпына келтіруге Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 14 желтоқсандағы шешіміне сәйкес рұқсат етілген.
Ведомствода рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға және ВАК-тың тиісті шешімдеріне байланысты болатынын атап өтті.
«Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады», деп қосты министрлік.