Қоғам • 22 Желтоқсан, 2021

ҮЕҰ-ның кәсібилігін арттыруға бағытталған оқу курстары өтеді

351 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Азия Даму Банкі қазақстандық ҮЕҰ-ны дамытуды қолдау саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуетін арттыруға бағытталған оқыту курстарын өткізу жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҮЕҰ-ның кәсібилігін арттыруға бағытталған оқу курстары өтеді

Министрлік және Орталық қызметкерлеріне арналған жобаларды басқару, қаржылық менеджмент, әлеуметтік жобаларды мониторингілеу және бағалау, фандрайзинг саласындағы курстар, сондай-ақ тренерлерге арналған тренингтер гранттық және жобалық басқару саласындағы кадрлық әлеуетті арттыруға, оның ішінде қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың кәсібилігін арттыруға бағытталған жобаны іске асыру жөніндегі техникалық тапсырма аясында өткізілетін болады.

«Әлеуметтік жобаларды басқару, мониторингілеу және бағалау саласындағы курстар орталық қызметкерлеріне жұмыс процесін жеңілдетуге және ауқымды деректерді жинау мен талдауға жұмсалатын уақытты қысқартуға, әлеуметтік жобалармен жұмысты, гранттық қаражаттарды мониторингілеу әдістерін түсінуге мүмкіндік береді. Қаржылық есеп негіздері қызметкерлердің қаржылық менеджмент және гранттық қаражат мониторингі саласындағы дағдыларын жетілдіреді, гранттық қаражатты басқару тиімділігін арттырады. Фандрайзинг курстарында Орталық қызметкерлері ҮЕҰ әлеуметтік жобалары үшін халықаралық донорлық қаражатты тарту құралдары туралы біледі. Мұнымен қоса, курстар аяқталған соң орталықтың 10 қызметкері біздің грант алушылар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру жұмыстарына тартылатын болады. Біз ҮЕҰ үшін грантты іске асырғаннан кейін де олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Бұл өз кезегінде қызметкерлеріміздің алған білімі мен дағдыларын тұйықтамауға мүмкіндік береді», деді Лима Диас.

Аталған жобаны Азия Даму Банкі және ҚР Үкіметі қаржыландыратынын атап өту қажет.