Қоғам • 22 Желтоқсан, 2021

Қазақстанның төрт облысында түрме салынады

884 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов елімізде 4 түрме салу жоспарланып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанның төрт облысында түрме салынады

«Қамауда ұстау жағдайларын жақсарту үшін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінің инфрақұрылымын жаңғыртудың жол картасы әзірленіп, бекітілді. Онда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында барлық халықаралық стандартқа сәйкес келетін 20 жаңа мекеменің құрылысы қарастырылған», деді комитет басшысы.

Оның сөзінше, 2022-2024 жылдар аралығында Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 4 ғимарат салу жоспарланып отыр.

«Қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстар өткен ғасырдың 30-70 жылдарында салынған. Олардың көпшілігі тозығы жеткен және апатты жағдайда, қылмыстық заңнаманың қатаңдатылуына байланысты 2020 жылдан бастап түрмедегілер санының өсуі байқалады», деді Жанат Ешмағамбетов.