Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2021

Qazaq Auyl экокешені ұлттық нақышты ұмытпайды

301 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Былтырдан бері коронавирус пандемиясынан ең зардап шеккен саланың бірі туризм болса, мұның да өз қайыры бар, аяқталып келе жатқан жылдың екінші тоқсанының қорытындысына қарасақ, Алматыдағы туристердің жалпы саны 501,4 мыңнан асып, оның ішінде шетелдік туристер – 54,2 мыңға, ішкі турис­тер қатары 447,2 мыңға жеткен.

Qazaq Auyl экокешені ұлттық нақышты ұмытпайды

 

Алматыда «Медеу» визит-орталығы ашылды

Осы орайда, туризмді дамы­туға қатысты Алматыда соңғы күндері атқарылған ілкімді істің бірі – «Медеу» визит-орталығының ашылуы болды. Жеке инвес­тор жүзеге асырған жоба – қоғам­дық та­мақтандыру пункті, туристік құ­рал-жабдықтар дүкені мен қо­ғам­дық әжетханасы бар турис­тік ақ­­параттық орталықты құрып берді.

Салынған инвестициялық қа­ражат көлемі 100 млн теңге болатын аталған визит-орта­лық­тан «Іле-Алатау» ұлттық паркі туралы барлық ақпаратты алуға болады. Қазірдің өзінде 50 шақты адамға жұмыс тауып берген «Медеу» БСК визит-орталығының жалпы алаңы – 208 шаршы метр.

Оған қоса туристердің ке­зекті талабынан шығып, қауіп­сіздік пен жайлылықты қамта­масыз ету мақсатында Тұйықсу шатқалында тікұшақ алаңы­ның құрылысы жүргізіліп жатқанын айта кету керек. Бұдан басқа, спутник байланысы мен SOS дабыл түймеле­рі бар таулы мар­шруттардың шал­ғай тораптық учаскелерінде 15 тау құтқару бе­кеті орнатылды. Және 16 адамнан тұра­тын құт­­қарушылар тобы тәулік бойы жұ­мыс істейтін 2 ар­найы бақы­­лау-құтқару пунк­ті да­йын­дал­ды, олар таулы жерлер­де орналас­қан. Ал Кім­асар шат­қалында дабыл түй­ме-­
лерін ба­қылау жүйесінің пилот­тық жоба­сы іске қосылды.

Ең бастысы, таулы жерлерде 1 мың шақырымнан астам жаяу жүру маршруттары цифрланды­рылды, оның 500 шақырымы абаттандырылды. Олардың бар­лығы 2GIS және ViewRanger плат­­­формаларында қолжетімді. Бұл маршруттарда QR-кодтары бар стендтерді қоса алғанда, бар­лық қажетті ақпараттық деректер орнатылған, онда туристер мар­шруттың күрделілігімен, оның ұзақ­тығымен және өту уақы­тымен таныса алады.

Бұдан басқа, Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 179 шақырым болатын тау маршруттарын абаттандыру­ аяқталуға тиіс. Сондай-ақ «Го­рельник», «Прос­вещенец», «Қы­зыл­сай», «Ка­зачка», «Лунная» алаң­қайында 6 кем­пинг-аймақ құру жұмыс­тары жүріп жатыр.

 

Жаңа қонақүй салынады

Алдағы 2022 жылдың соңына қарай «Медеу» қонақүйінің орнына жаңа қонақүй салу жоспарланып отырғаны белгілі.

«Медеу» мұз айдынындағы Medeu Park Hotel қонақүй инфра-­­
құрылымын қалпына келтіру жобасы шетелдік туристерді тар­туда да аса маңызды. Екі-үш қабатты ғимараттан тұратын ке­шен 2,1 га аумақта салынады, бірінші қабатта 90 орындық қонақүй және 300 орындық мейрамхана, екінші қа­батта апарт-отель болады.

Екі блоктың қонақтарына ар­налған қонақүйде 25 метрлік бассейн, спа, конференц-залдар, серуендеуге және демалуға арналған ашық демалыс орны жайғасады. Жаңа қонақүй ке­шенін жобалау барысында қалып­тасқан табиғи-сәулеттік ансамбль, қоршаған ортаны қорғау шара­лары, демалушылардың қажет­тіліктері ескерілмек.

Кешен аумағында, сондай-ақ бірнеше қоғамдық санитарлық торап, шұғыл медициналық көмек көрсету пункті, вело­тұрақ­­тар, гад­жеттерді қуат­тауға арнал­ған нүк­телер және бейне­бақылау жүйесі қарастырылған.

Ұлттық паралимпиада коми­тетімен ынтымақтастықта инклю­зивті ортаны қамтамасыз ету үшін мұнда мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған орын­дар, сондай-ақ кіреберіс­тер мен лифтілерге кедергісіз қол­жет­кізу қамтамасыз етілген.

 Qazaq Auyl экокешені ұлттық нақышта бой көтереді

Тәуелсіздік мерекесі аясында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Qazaq Auyl кешенінің құрылыс барысын қарап шыққан болатын. Өйткені экологиялық туризмді дамытумен қатар, бақы­лау­дың да өзектілігі көрініп отыр.

Сонымен Qazaq Auyl экоке­шені ұлттық стильде Кімасар шат­қалында салынып жатыр. Оған мейрамхана, 15 қонақүй және іс-шараларға арналған амфи­театр кіреді. Жоба бойынша мейрамхананы media Park Hotel қонақүй-тұрғын үй кешенімен және ви­зит-орталығымен қосу көзделген. Визит-орталық үшін ақпараттық қызметтер көр­се­тілетін және ту­ристік жаб­дықтар сатылатын жеке үй-жай қарас­тырылған.

Qazaq Auyl жалпы алаңы – 1,3 га, үй-жайлардың алаңы – 850 ш.м., инвестиция көлемі – 800 млн теңге. 2022 жылы 20 жұмыс орнын құрумен экокешенді пайдалануға беру жоспарланған.

Жоба экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып әзір­ленді, бұл жалпы абаттанды­ру­да, учаскенің жоспарлау құры­лымында және кешен құры­лымын құрайтын объектілердің композициялық шешімінде көрі­ніс тапты.

Қоғамдық тәртіпті қамта­ма­сыз ету, төтенше жағдайлар туын­даған кезде адамдарды күзету, эвакуациялау және құтқаруға ма­мандандырылған автокөліктің қолжетімділігі көзделген.

 

АЛМАТЫ