Әлем • 23 Желтоқсан, 2021

Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын мақұлдады

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия шұғыл қолдануға арналған инактивті Turkovac вакцинасын қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын мақұлдады

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлім етті.

Денсаулық сақтау министрі Фахреддин Коджу елде шығарылған вакцина халыққа келесі аптадан бастап салынатынын хабарлады. Ол Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарған тоғызыншы ел екенін айтты.  

Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған бұл вакцинаны барлық елмен бөлісетінін мәлімдеді.

Turkovac вакцинасын Эрджияс университетінің ғалымдары Түркия Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Түркияның Денсаулық сақтау басқармасымен (TÜSEB) бірлесіп жасаған. Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңі аяқталуға жақын.

Бұған дейін Түркия өз жобасы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинасының бірінші және екінші фазасын сәтті сынақтан өткізген болатын. Үшінші кезең сәтті аяқталса, вакцинаны жаппай өндіріске және пайдалануға енгізу жоспарланған.