Хоккей • 23 Желтоқсан, 2021

ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Ак Барс» командасымен кездеседі

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында елордалық «Барыс» Қазан қаласында «Ак Барс» командасымен күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz.



ҚХЛ: «Барыс» бүгін «Ак Барс» командасымен кездеседі

Айдын иелері Шығыс конференциясында 53 ұпаймен төртінші орында тұрса, 40 ұпайы бар «Барыс» жетінші сатыда келеді.

Өткен турда «Ак Барс» Қазанда Челябінің «Тракторын» 5:1 есебімен сүріндірсе, елордалықтар Екатеринбургте өзінің негізгі қарсыластарының бірі «Автомобилисті» ұтқан еді (2:0).

Биылғы маусымда қос команданың бір-ақ рет жолдары тоқайласты. Қазақстан астанасында 10 қазанда «Ак Барс» елордалық клубты 6:3 есебімен жеңіп кетті. Әр конференциядан алғашқы сегіз команда плей-офф бәсекесіне жолдама алатындықтан, Юрий Михайлис шәкірттері үшін бұл кездесу де маңызды болмақ.

«Ак Барс» – «Барыс» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.