Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2021

ПТР-анықтамасы жоқ шетелдіктер Қазақстанға кіре алмады

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы адамдардың орын ауыстыруына төрт өткізу пунктінде мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

ПТР-анықтамасы жоқ шетелдіктер Қазақстанға кіре алмады

«Өткен тәулікте шекарадан 723 адам өтті, оның ішінде 333 жаяу жүргінші және 390 жүк көлігінің жүргізушілері болды», деді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Онда мемлекеттік шекараның автоөтпе жолдарында КВИ расталған жағдайлары анықталған жоқ.

«ПТР әдісімен коронавирустың анықталуына теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсетпеген Ресей Федерациясының төрт азаматына елге кіруге тыйым салынды», деп хабарлады ССКД.