Елорда • 23 Желтоқсан, 2021

Елордада бейнероликтер байқауының жүлдегерлері марапатталды

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және Қазақстан Жастарының Конвенті ұйымдастыруымен бейнероликтер байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада бейнероликтер байқауының жүлдегерлері марапатталды

Марапаттау рәсімі 2 номинация бойынша жүзеге асты. Алғашқысы «Ең үздік вайн, скеч, пародия, клип, анимациялық бейне, тик-ток» аталымы болса, екіншісі  «Ең жақсы әлеуметтік ролик, бейнеарт, вирустық ролик» аталымы.  Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша бейнероликтер байқауына 76 өтінім келіп түскен. Әділ-қазылар саралай келе 8 қатысушыны ақтық мәреге өткізді.

Айта кетейік, байқаудың мақсаты нашақорлықтың төмендеуіне әсер ету және салауатты өмір салтының басымдықтарын қалыптастыру.

Қорытындылай келе, жалпы аталым бойынша бірінші орынға Шерхан Абдиев және Ғұмар Сұлтанбек лайық деп танылды. Екінші орыннан төрт бірдей талапкер көрінді. Атап айтсақ,  Алиби Мұқұшев, Алтынай Бапанова, Алима Ахунова, Айдар Науша. Ал тиісінше 3 орынға Арман Серікбай, Алижан Байсапар және Бекен Әлем жайғасты. Бұдан бөлек, Назерке Жукина  мен  Таншолпан Нысанбек арнайы жүлдемен марапатталды.

Жүлдегерлердің барлығына диплом мен қаржылай сыйлықтар табысталды.