Оқиға • 23 Желтоқсан, 2021

Сот Бақытгүл Хаменованы неге қамауға алғанын түсіндірді

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алу шешімін түсіндірді,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот Бақытгүл Хаменованы неге қамауға алғанын түсіндірді

Прокурор өтініші бойынша Атырау облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 12 желтоқсандағы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешімі күшін жойды. Жаңа қаулы бойынша, Хаменова екі айға қамауға алынды.

«Сот алқасы Хаменованың санкциясы бойынша жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған аса ауыр сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық (ҚК-ның 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) жасады деген күдікке ілінгенін ескерді. Бұл процеске қатысушыларға және істі объектив тергеп-тексеруге қысым көрсетуі мүмкін», деді соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Бұған дейін ірі көлемде пара алды деген күдікпен үйқамаққа алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тұтқындалып, екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын.