Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2021

Қазақстаннан Сочиге әуе рейстері қатынай бастайды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтаннан Сочиге дейін әуе рейстері қайта қатынай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстаннан Сочиге әуе рейстері қатынай бастайды

Қос ел арасында қатынайтын ұшақ аптасына бір рет - сенбі күндері ұшады.

Бұдан басқа, Алматы қаласынан да ұшуларды жүзеге асыру күтілуде.

«2022 жылғы 18 қаңтардан бастап сәрсенбіде аптасына 1 рет жиілікпен Алматы-Сочи бағыты бойынша б737/А321 типті әуе кемелерімен ұшу орындала бастайды», деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан - Сочи және Алматы - Сочи бағыттары бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруге Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Ресей Федерациясының аумағына жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штабтың шешімдеріне сәйкес рұқсат етіледі

Ведомствода атап өтілгендей, рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға және ҚР ведомствоаралық комиссиясы мен РФ жедел штабының тиісті шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бекітілген кестеге сәйкес орындалатын болады.