Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2021

Ержан Бабақұмаров «Үміт үйі» қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында жетімдікті азайту мен оларды қамқоршылыққа кіріптар етпеудің өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ержан Бабақұмаров «Үміт үйі» қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді

Комиссия жұмысына әлеуметтік қызметкерлер, денсаулық сақтау және білім беру органдарының өкілдері, сондай-ақ Дағдарыс орталықтары одағының басшысы З. Байсақова қатысты. Комиссия жұмысы тағдыр тәлкегіне душар болған отбасыларға көмек көрсетуді көздейді.

Кездесуде қамқорлыққа мұқтаж жандарға қолдау шараларын көрсету, соның ішінде балаларға арналған құжаттарды ресімдеу, балабақшаларға кезекке қою, балалар мен ата-аналарды медициналық тексеруден өткізу мәселелері талқыланды. Ержан Бабақұмаров атап өткендей, жетімдікті азайтудың бірден бір шарты – алдымен ата-аналарды мына әлеуметке бейімдеу, тұрмысының түзулігі.

Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров соңғы екі жылдағы «Үміт үйіне» жүгінуге жетелейтін барлық жағдайға талдау жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған аналар мен әкелерді жұмысқа орналастыру және белсенді қоғамдық өмірге тарту бойынша алдын алу шараларының пакетін әзірлеу тапсырылды.