08 Наурыз, 2014

Сұлулық. Нәзіктік. Тағаттылық. Іскерлік

575 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құрметіне орай Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевпен «Көктем шуағы» кездесуіне қатысқан Қазақстанның әйелдер қоғамдастығының өкілдері

ВеронскаяМайя ВЕРОНСКАЯ, тележүргізуші, актриса. «Менің балалық шағымның аспаны» фильмінде Майя ел Президенті ұстазының рөлін шебер сомдады. Бұл оның алғашқы және өте жауапты рөлі болып табылады. Қазақ мектеп-гимназиясын тәмамдаған. Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Қазақ филологиясы» факультетін үздік бітірген соң, «Қазақстан» телеарнасына мемлекеттік тіл­де жүргізушілікке шақырылды. «Жыл патриоты» медалімен наградтал­­ған, «Менің Қазақстаным!» (2011 ж.) IV республикалық патриоттар форумында «Көкке ұмтылған Қазақстан» номинациясында «Тіл жанашыры-2011» медалімен марапатталды. ШариповаСветлана Владимировна ШАРИПОВА, альпинизм бойынша спорт шебері. Қосымша оттегін пайдаланбастан 8 мың метр­ден асатын биік шыңға шыққан Қазақстандағы бірден-бір әйел альпинист. Нұрсұлтан және Амангелді шыңдарына шапшаң шығудан халықаралық жарыстың екі мәрте жеңімпазы. Бағындырған шыңдары мен жетістіктері: 2006 жылы – Ленин шыңы 7134 метр, 2007 жылы – Дхаулагири 8167 метр және Хан Тәңірі 7010 метр (жалғыз шығу), 2008 жылы – Макалу шыңы 8471 метр. 2006 жылы Эльбрусқа шапшаң шы­ғудың халықаралық жарысының жеңімпазы атанды. Қысқы респуб­ли­­­ка­лық жарыстардың жеңімпазы болып табылады. Күйеуі Нұрлан екеуі қызы Диананы тәрбиелеп, өсіруде. ЗабироваТолқын Тоқтаубайқызы ЗАБИРОВА, эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық, республикалық конкурс­тар мен фестивальдардың лауреаты. 25 жылдан бері қазақстандықтарды өз дауысымен қуантып келеді. Семей облысының Аягөз қаласындағы қарапайым отбасында тәрбиеленген кішкентай қыздың таланты мен жігерінің арқасында одан Қазақстан эстрадасының талантты әншісі өсіп шықты. Тұрмыс құрған. 3 бала тәрбиелеп отыр. МуханбедиановнаСәуле Мұханбедианқызы АЙТБАЕВА, Қазақстандағы алғашқы әйел-генерал. 2010 жылы генерал шенін алған. С.Айтбаеваның «Қазақстан Респуб­ликасының құрмет­ті прокуратура қызмет­кері» (2001) атағы бар, «Ерен еңбегі үшін» (2005) медалімен марапатталған. Р.Руденко атындағы Свердлов заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылдың сәуірінде Мемлекет басшы­сы­ның Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статис­тика және арнайы есеп жөніндегі комитеті­нің төрайымы болып тағайындалды. Құқық қорғау және арнайы органдар ақпарат алмасу жүйесін (ҚАО ААЖ), «Айқын» өтініштер беру барысына бақылау жасау жүйесін енгізді. Кәсіп­­­керлерді қорғау жобасы – «Бизнес тірек» порта­лының, сондай-ақ, «Тексерулерді есепке алудың электронды журналы» және «е-Жоспар» тексерулерді электронды жоспарлау жүйесінің бастамашысы. Сәуле бүгінде ерімен бірге 2 қыз тәрбиелеп отыр. МорковинаЕкатерина Сергеевна МОРКОВИНА, «24 KZ» телеарнасының продюсері. «24 KZ» телеарнасының ең үздік жас қызметкерлерінің бірі. Екатерина жаңалықтар арнасын, «Әлем апта ішінде» бағдарламасын жүргізеді. Жұмыста жоғары кәсібилік деңгейімен және біліктілігімен ерекшеленеді. Оның хоббиі – спорттық бал билері, йога, суда жүзу. Тележүргізуші өз жұмысын «Royal Dans club» балалар шоу балетінің бапкері және жетекшісі қызметімен қоса алып жүреді. 15 жыл бойы спорттық бал биімен айналысты. Би спорты республикалық федерациясы құрамында бапкер және спорттық бал биі бойынша төреші болды. ОсельбаеваТунгалаг Бальжинимаевна ӨСЕЛБАЕВА, цирк әртісі, арыстан үйретуші. Тунгалаг – Қазақстандағы арыстан үйретуші бірден-бір әйел, Астана циркінде жұмыс істейді. Бурят автономиялы республикасында туған, бурят қызы. Жыртқыштарды үйретуші бола жүріп өз нөмірлерімен көптеген елдерді аралады. 1991 жылдан «Алтын алма», одан кейін Алматы мемлекеттік циркінде жұмыс істеді. Қазақ тілінде тамаша сөйлейді, қазақ халқының салт-дәстүрлерін жақсы біледі және құрметтейді. ТолегенБахаргүл ТӨЛЕГЕН,    «Әдемі-Ай plus» ЖШС президенті. Бахаргүл басқаратын компания Қазақстанның кәдесый өнімдері рыногында көш бастаушылардың бірі болып табылады. 2011 жылы «Әдемі-Ай» Алматы және Астана қалаларында өткен XVII Қысқы Азия ойындарының демеушісі болды. Бахаргүлдің хоббиі – ежелгі ұлттық зергерлік бұйымдарды жинау. Оның жеке коллекциясында ұлттық бірегей әшекей­лердің мыңнан астам түрі бар. Жыл сайын оның көрмелерін қазақстандықтар да, сондай-ақ, шетелдік туристер де үлкен қызығушылықпен тамашалайды. Ол Ресей­­де, оның ішінде Қазанда Студенттер уни­­­версиадасы өткен күндері, Швецияда, Гер­манияда, Түркия мен Қытайда көрмелерін табысты ұйымдастырды. Авторлық жұмыс түрлері – ұлттық кәдесыйлардың мыңнан астамы патенттелген. Оның міндеті қазақ халқының ежелгі мәдени мұрасын қайта жаңғырту және жұртшылық назарына ұсыну. ТенОксана Алексеевна ТЕН, белгілі қазақстандық фигурист, 2014 жылғы Сочидегі Олимпия ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің анасы. 1980-1993 жылдары Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерватория жанындағы опера студиясының оркестрінде жұмыс істеді. 2013 жылы Спорт және туризм академиясын тәмамдады. Қазіргі уақытта ұлы Денистің спорттық карьерасымен айналысады. Тұрмыс құрған, 2 баланың анасы. ШирмерТамара Викторовна ШИРМЕР, «Қазақстан украиндары радасы» ЗТБ республикалық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары, Астана қ. «Оберег» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы «Халықтық ІРО» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі республикалық on-line қоғамдық қабылдау комиссиясының жетекшісі. 12 жыл бойғы қоғамдық қызметінде Тамара Викторовна Қазақстан мен Украина туыстас халықтар арасындағы бітім мен келісімді нығайтуға, украиндықтардың олардың тарихи отанымен байланысын дамытуға ықпал ете отырып, мемлекеттік және жергілікті органдармен тығыз байланыста белсенді жұмыстар жүргізіп келеді. Украин этносы өкілдерін қоғамдық-саяси өмірге, Қазақстан Президенті алға қойған міндеттерге қолдау көрсетуге тартуда тұрақты жұмыстар жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен (2013 ж.), Қазақстан халқы Ассамблеясы (2007 ж.), Астана қаласы әкімінің (2010 ж.) Украинаның Қазақстандағы елшілігінің (2005, 2006, 2008, 2009, 2011, 2013 жж.) құрмет грамоталарымен марапатталған. АмановаМайра Тәжімұқанқызы АМАНОВА, өндірістік жабдықтарды жөндеу және пайдалану жөніндегі токарь. 25 жылдан бері мұнай саласында еңбек етіп келеді. Бүгінде «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы Құлсары өндірістік жабдықтарды жөндеу және пайдалану цехының токары болып жұмыс істейді. Халық арасында саламатты өмір салтын насихаттайды. Әйелдер волейбол командасының капитаны болып табылады. Өңірлік спорт жарыстарының бірнеше дүркін жүлдегері. Кәсіпорынның қоғамдық және мәдени өңіріне белсенді араласады, «Қыздар ансамблі»  тобының әншісі. 4 бала тәрбиелеп отырған ана. БасбаеваМәдина Қуандыққызы БАСПАЕВА, «Астана-Опера» театрының жетекші балет солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.  К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының прима-балеринасы. ІІ халықаралық балет артистері байқауының гран-при жүлдесінің иегері. Есімі әлемге мәлім хореограф Шарль Жюдтің шақыруымен Бордо (Франция) ұлттық операсы сахнасында Джульетта рөлін орындады.  Джульетта рөлін туған театр сахнасында билеу өте жауапкершілік әкеледі деп атап өткен болатын, Мәдина. Ол «Ас­­тана-Операның» әлемдік деңгейдегі театр­­ және Қазақстанның «бренді» болатынына сенімді. СаутбековаМәдина Маратқызы САУЫТБЕКОВА, «Өрлеу» еңбекке орналастыру агенттігінің директоры. Мәдина «Өрлеу» еңбекке орналастыру жөніндегі әлеуметтік жобаға бастамашы болды, соның арқасында 620-дан астам жұмыссыз ауылдықтар бүгінде мектептерде, құрылыс компанияларында, банктерде және өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істейді. М.Сауытбекова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Үздік әлеуметтік қызметкер» құрмет белгісімен марапатталған. Жігерлі бизнесвумен сол сияқты «Мой район» газетін шығарады. Бүгінде ері екеуі екі қыз тәрбиелеп отыр. ЮмакуловаАлена Анатольевна ЮМАКУЛОВА, Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік уни­­вер­ситетін «Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Ассамблея жанындағы Мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту орталығының төрайымы. «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты қалалық және облыстық Абай оқуларында жүлделі орындар иеленген. 2011 жылы облыс делегаттары атынан «Нұр Отан» партиясының XIV съезінде сөз сөйледі. БаймурзаеваАнар Батырғазықызы БАЙМЫРЗАЕВА, жемқорлықпен күрес жөніндегі матема­ти­калық модельді әзірлеуші, магистрант. Анар әзірлеген жемқорлықпен күрес жөніндегі математикалық модель ғылыми жұмыстардың рес­публикалық студенттік байқауында үздік деп танылды. Ол өзінің ғылыми жобасы қазіргі заманғы қо­ғамдағы қатерлі әлеуметтік дерттердің бірімен кү­­ресте ықпал етуге көмектеседі деп армандайды. Қазіргі уақытта Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агент­тігі (қаржы полициясы) модельді байқап көруге мүдделілігі мен дайын­дығын білдіріп отыр. Анар 10 ғылыми мақаланың авто­ры, 4 студенттердің ғылыми жұмыстары байқауының жеңімпазы. АпенкоИнна Сергеевна АПЕНКО, MIMIORIKI-дің атқарушы директоры. MIMIORIKI – Қазақстандағы ең ірі киім шығарушы Textiline компаниясы балалар киімінің бөлшек сауда бренді. Текстилайн компаниясы Mimioriki брендімен «Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясында «Орта кәсіпкерлік субъектісі» категориясы бойынша «Алтын сапа» Президент сыйлығына ие болды. 2011 жылы бренд «Қазақстандағы франчайзинг 2011» (Алматы) IV Халықаралық көрмеде жылдың үздік франшизы атағын жеңіп алды. Компанияның дүкендері Қазақстанның 11 қаласында, сондай-ақ, Новокузнецк (Ресей), Киев пен Донецкіде (Украина)  табысты жұмыс істеуде. MIMIORIKI балалар киімінің өндірістік циклі идеяның өмірге келуінен бастап дайын өнім шығарғанға дейін Textiline компаниясының алты фабрикасының үшеуінде – Алматы, Талғар және Текелі қалаларында жүзеге асады. КусмангалиеваЖанаргүл Жанысбекқызы ҚҰСМАНҒА­ЛИЕ­ВА, Еуразиялық интеграция институтының директоры. Заң ғылымдарының кандидаты. 50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. Пар­ла­мент Мәжілісі аппаратында «Нұр Отан» партиясы Парламентаризм институ­­тының директоры болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «Еуразиялық интеграция дамуы» жобасына басшылық жасайды. Сондай-ақ, БҰҰДБ-ның ұлттық сарапшысы болып табылады. Хоббиі – шахмат, нард ойнау. Поэзияны сүйеді. Тұрмыс құрған, бір қыз тәрбиелеп отыр. ЛукмановаГүлжан Ибатқызы ЛҰҚМАНОВА, Атырау қаласы ішкі істер басқармасы миграциялық полиция бөлімінің басшысы. Полиция подполковнигі. «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасы Ішкі іскер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалінің екінші және үшінші дәрежесімен, «Қазақстан полициясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Гүлжан Лұқмановтардың отбасылық әулетінің өкілі болып табылады. Заңгерлікті өз мамандығы ретінде таңдап және өз атасының ізін басып, ол 19 жылдан бері құқық қорғау органдарында еңбек етіп келеді. Оның отбасының құқық қорғау органдарындағы жалпы өтілі 100 жылды құрайды. Оның балалары да осы жүйеде жұмыс істейді. Бүгінде Гүлжан 4 бала мен 1 немере тәрбиелеп отыр. КурмановаБақыткүл Шамшақызы ҚҰРМАНОВА, «Korme-Expo» ЖШС-нің бас директоры. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы он жылында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінде жұмыс істеді, «Достық Үйі» учаскесі бойынша сайлау компанияларында жауапты тұлға болды. 26 жылдық еңбек өтілі банк, мемлекеттік, жекеменшік және қоғамдық, соның ішінде Халықаралық еуразиялық медиа-форум, Қазақстан Республикасының Сауда өнеркәсіп палатасындағы жұмыстардан тұрады. 2011 жылдан елдің көрме саласының ырғақты дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын «Korme-Expo» көрме орталығын басқарады. Үш жылда түрлі деңгейдегі көрмелердің жүзге тарта ашылу рәсімдерін ұйымдастырды. Тұрмыс құрған, үш баланың анасы. ДанлыбаеваҒазиза Аятбекқызы ДАНЛЫБАЕВА, адамға жасанды тері жасау жөніндегі инновациялық жобаның авторы, ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология­лар орталығы діңгекті жасушалар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. «Шапағат-2012» байқауында аталған патент «Жыл жаңалығы» номинациясында жеңімпаз атанды. 60-тан астам ғылыми мақалалардың, авторлық куәліктер мен патент­тердің авторы, ғылыми-зерттеушілік инно­вациялық жобалардың жетекшісі, биотехно­логия және биомедицина саласындағы тәуелсіз сарапшы. Қазіргі уақытта аэрозоль түріндегі жасушалық технология Трав­­­ма­тология және ортопедия ҒЗИ-да және Респуб­ликалық шұғыл медициналық жәрдем орта­лығында Қазақстанның 40 күйік шалған науқас­тары арқылы сынақтан өтіп, соның нәти­жесінде науқастар табысты емделіп шықты. ШирхановаМавлюда Абдурашитовна ШИРХАНОВА, сағат шебері, әулеттің үшінші буы­нындағы сағатшы. Мавлюда Абдурашитовна – әулетімен сағат шеберлері болған отбасының өкілі. Оның әкесі өзінің кәсіби өмірінде бір миллионға жуық сағатты жөндеп шығарған. Мавлюданың өзі әулет ісін үшінші буында жалғастыра отырып, Алматы қаласында сағат шебері болып жұмыс істейді және өз есебінде 350 мыңнан астам жөнделген сағат бар. Төртінші буындағы ұлы мен бесінші буындағы немересі әулет ісін жалғастырушылар болып табылады. 3 баласы және 9 немересі бар. ПеризатПеризат Үміксатқызы ЖОЛДАСОВА, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының 3-курс студенті. 2000 жылы Перизат Елбасының Ақтау қаласына сапары кезінде ел Президенті үшін ән шырқап берді. Перизат 5 жасынан бастап сахнада келеді. «Әнші балапанның» лауреаты болған. 8 жасында ол өзінің алғашқы әндер жи­нағын шығарды. 13 жасында Алматы қаласында бірінші жеке концертін берді. «Үздік әнші», «Үздік ән» номина­ция­ларының иегері. «Бала тілегі» авторлық әні «Өзін өзі тану» пәні бойынша 2-сыныптың мектеп бағдарламасына енді. 4 бейнебаян шығарған, қазіргі уақытта жаңа бейнебаян шығару жолында талпыныс жасап жүр. КаирбековаСалидат Зекенқызы ҚАЙЫРБЕКОВА, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі. Салидат Қайырбекованың еңбек жолы ме­дицина ұйымдарындағы дәрігер невропа­толог, кейін өңірлік және республикалық дең­гейдегі басшылық лауазымдардан ­басталады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді. Денсаулық сақтау министрлігінің Меди­циналық қызмет көрсету саласына бақылау жасау комитетін және Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетін басқарды, кейін вице-министр болды. Оның басшылығымен Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді, стационарды алмастыратын медициналық жәрдемді дамыту есебінен медициналық жәрдемнің қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта ақпараттық денсаулық сақтау және мемлекет-жекеменшік кәсіпкерлігінің бірегей жүйесі енгізілуде. 2010 жылы министр болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен марапатталған. МусаеваНұргүл Нағашыбайқызы МҰСАЕВА, көпбалалы ана. Күйеуі Бинар екеуі 7 бала тәрбиелеп отыр. Нұргүл «Күміс алқа» иегері, «Алтын алқамен» мара­пат­тауға ұсынылған. Ол 12 бала тәрбиелеп өсірген күйеуінің анасына зор құрметпен қарайды. Нұргүлдің өзі де оған ұқсауды армандайды. Үш баласы бүгінде жоо-да білім алып жүр. Кіш­­кен­тай Бақытжан «Домбыра» сыныбы бойынша музыка мек­­тебін табысты тәмамдады. Балаларының ең кішісі – бір жарым жаста.