Спорт • 24 Желтоқсан, 2021

Олимпиадаға қатыспайды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ және Канада хоккей клубтары бақ сынайтын Ұлттық хоккей лига­сының (ҰХЛ) ойыншылары ке­лесі жылы өз құрамаларымен Бей­жің­дегі Қысқы Олимпия ойындарына қатыс­пайды.

Олимпиадаға қатыспайды

Яғни ҰХЛ биылғы қысқы Олимпиада кезінде үзіліске шықпайтынын мәлімдеді. Сәйкесінше, лигада өнер көрсететін хок­кей­шілер алдағы Бейжің Олимпиадасына қатыса алмайды. Ұйымның мұндай шешім қабылдауына, әлемде коронавирустың қайта өршуі себеп болуы мүмкін. Бұған дейін ҰХЛ командалары дәл осы пандемияның салдарынан 50 матчын кейінге шегерген еді. Сондай-ақ қазіргі таңда лига ойындары 21 желтоқсаннан бастап Рождество мерекесіне дейін тоқтатылды.

Айта кетейік, ҰХЛ хоккейшілері 2018 жылы да Пхенчхан Олимпиадасына қатыс­паған.