Әлем • 24 Желтоқсан, 2021

Әлемдегі пандемия: Каталонияда коменданттық сағат енгізілді

334 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Коронавирусты жұқтыру саны бойынша Ұлыбританияда рекорд күн сайын жаңаруда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, онда 120 мыңға жуық жағдай тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz BBC News-ке сілтеме жасап.

Әлемдегі пандемия: Каталонияда коменданттық сағат енгізілді

Осы арада Каталонияда түнгі коменданттық сағат енгізілді, ал Испания мен Италия көшелерінде бетпердесіз жүруге тыйым салынған.

Ресми деректер бойынша, пандемия басталғаннан бері әлемде 277 миллион инфекция жұқтыру жағдайы тіркеліп, 5,3 миллион адамның өмірі қиылды.

Ұлыбританияда коронавирустық инфекцияны жұқтыру саны тез өсуде. Бейсенбіде шамамен 120 мың жағдай анықталып, жаңа рекорд тіркелді. Алдыңғы тәулікте науқас саны 106 мың болған. Десе де қайтыс болғандар саны салыстырмалы түрде аз болып қала береді: соңғы күні - 147 өлім, алдыңғы күні - 140.

Осы жылдың қаңтарында Ұлыбританияда пандемия шыңында күн сайын ковидтен бір жарым мыңнан астам адам, яғни, бір күнде 1820 науқас қайтыс болды. Сарапшылар мен саясаткерлер бұл айырмашылықты қазір британдықтардың көпшілігі коронавирусқа қарсы егілгендігімен түсіндіреді, ал жартысына жуығы үшінші вакцина-бустерді жасады.

Қазір Англия ауруханаларында коронавируспен ауыратын 8 мыңнан астам науқас бар. Өткен жылдың қаңтар айында 34 мыңнан астам болды. Алайда, ауруханалардағы жүктеме үлкен, себебі ковидті жұқтырғандар арасында дәрігерлердің қатары да бар. Бейсенбіде Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі 19 желтоқсанда 19 мыңға жуық медицина қызметкері жұмысқа келмегенін мәлімдеді. Олар ауырып қалды немесе оқшаулануда отырды.

Ал Испания мен Италия көшелерінде міндетті маска тағу режимі күшіне қайта енді. Испания Премьер-Министрі Педро Санчес маска режимі тек қоғамдық орындарда ғана емес, көшеде де қайтарылатынын мәлімдеді.

Испания коронавирус шектеулерін жаздың басында алып тастады, бірақ қазір жұқтыру саны қайта өсті. 20 желтоқсанда елде 79 мың жаңа жағдай тіркелді, соңғы тәулікте бұл сан 60 мыңға жетті. Алдын ала бағалаулар бойынша жағдайлардың шамамен жартысы «омикронмен» байланысты.

Бейсенбіде Италияның Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанза «омикронның» таралуына байланысты көшеде маска тағудың қайтарылғаны туралы хабарлады. Сонымен қатар, Италия үкіметі жаңа жылдың барлық жаппай мерекелеріне тыйым салып, клубтарды 31 қаңтарға дейін жабу туралы шешім қабылдады.

Каталония соты бейсенбіде жергілікті биліктің түнгі коменданттық сағатты енгізу туралы шешімінің заңдылығын растады. Енді каталондықтарға үйден түнгі сағаттан таңғы алтыға дейін шығуға тыйым салынады. 

Соңғы жаңалықтар

Өнертабысқа өріс кең

Аймақтар • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше

Ең құнды жәдігер

Жәдігер • Кеше

Алғашқы өлең

Әдебиет • 08 Қараша, 2024

Жас ақындар жинағы

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

Қыс мінезін көрсетті

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

«Көрім» көз (Монолог)

Сатира • 08 Қараша, 2024

Тойдан тамаша тәбәрік

Қоғам • 08 Қараша, 2024

30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды

Қоғам • 08 Қараша, 2024