Жекпе-жек • 24 Желтоқсан, 2021

Допинг дауы: Шавкаттан жеңілген спортшы төрт жылға жазаланды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-дің бұрынғы жауынгері, бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Мишель Празерестің кәсіби мансабында рұқсат етілмеген дәрі-дәрмек пайдаланып келгені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Допинг дауы: Шавкаттан жеңілген спортшы төрт жылға жазаланды

Спортшының бойынан рұқсат етілмеген кломифен препаратының белгілері табылған. Сол себепті ол төрт жылға спорттан шеттетіліп отыр. Аралас жекпе-жек шебері сегіз бұрышқа тек 2025 жылдың тамыз айында ғана орала алады.

Спортшы соңғы жекпе-жегінде қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы октагонға шыққан. Маусым айында өткен шайқаста Шавкат қарсыласын қылқындыру әдісімен екінші раундта жеңген болатын. Празерестің анализінен рұқсат етілмеген дәрі-дәрмек ізі тамыз айында табылғанына қарап, ол сол препаратты маусымда да қолдануы әбден мүмкін деген ой санада сайрап тұрады екен.