Қоғам • 24 Желтоқсан, 2021

Ауғанстаннан келген студенттерге гуманитарлық көмек көрсетілді

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым GFFO қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетімен және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Ауғанстан азаматтарына көмек көрсету бойынша гуманитарлық акция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауғанстаннан келген студенттерге гуманитарлық көмек көрсетілді

Осы жылдың желтоқсан айында қазақстандық ЖОО-да оқитын ауған студенттері халықаралық көші-қон ұйымынан көмек сұрады. Нітижесінде, жоғарыда аталған ведомство өкілдері гуманитарлық акция ұйымдастырды.

Гуманитарлық көмек аясында 200-ден астам ауған студенттері қаржылық және консультациялық-құқықтық қолдау алды. Іс-шаралар Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Нұр-Сұлтан қалаларында өтті.

«Көші-қон қызметі комитеті еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын Ауғанстанның 155 азаматына оқу визаларын берді және ұзартты. Көші-қон қызметі комитеті ұйымдастырушылық жасады. Халықаралық көші-қон ұйымы тарапынан тиісті қаржылық көмек көрсетілді», деді полиция полковнигі, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Тілеубек Тахтанов.

«Қазір біз отбасыларымыздан ақша алатын мүмкіндігіміз жоқ, өйткені Ауғанстандағы банк жүйесі әлі жұмыс істемейді. Ешкім ақша аудара алмайды. Сондықтан бізге БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі сияқты ұйымдарға сұрау салуды жөн көрдік», деді гуманитарлық көмек алушылардың бірі Мұхаммед Кабир Ехсан.

па

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының рөлін атқаратын Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықта атап өткендей, барлық студенттерге заңдық, құқықтық және консультациялық қолдау көрсетілді. Акцияның негізгі міндеттерінің бірі - олардың ҚР-да болуының құқықтық мәртебесін заңдастыруды қамтамасыз ету.

«Әлемдік қауымдастық адам құқықтарын қорғау мәселелеріне, әсіресе, ішкі саяси және экономикалық оқиғалар аясында қиын кезеңді бастан өткеріп жатқан елдерде ерекше көңіл бөледі. Әрбір мемлекет қиын өмірлік жағдайға тап болған мигранттарға қатысты қабылдай алатын қолдау шараларының пакетін дербес айқындайды. Акцияның негізгі бағыттарының бірі - білім алуды жалғастыру үшін Ауғанстаннан келген азаматтардың Қазақстанда болуының құқықтық мәртебесін заңдастыру, бұл олардың көпшілігі үшін құқықтық себептер бойынша ғана емес, тілдік кедергілерге байланысты да күрделі болып табылады. Олардың барлығы бұл жағдайға өз еріктерімен емес, оларға деген адамгершілік көзқарасының көрінісі - мемлекеттің міндеті ғана емес, ең алдымен біздің ортақ адами борышымыз», деді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова.