ANTIKOR • 24 Желтоқсан, 2021

Өзбекстанмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастық нығая түспек

755 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі директорының орынбасары Т.С. Хайдаров бастаған делегация Қазақстанға келді. Сапар мақсаты – екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары арасында қол қойылған Меморандумды іске асыру, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстанмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастық нығая түспек

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы М. Ахметжанов делегацияға еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы жайлы қысқаша айтып беріп, ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің төрағасы ретінде әріптестерін келесі отырысқа қатысуға шақырды.

Кездесу барысында жұмыс деңгейінде тәжірибе алмасу бойынша сессиялар өткізілді. Сыбайлас жемқорлық үшін әкімшілік жауапкершілік, мемлекеттік сатып алу жүйесі, кірістер мен мүлікті декларациялау, НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама мәселелері шетелдік әріптестердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Делегация Халыққа қызмет көрсету орталықтарын, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Ахуалдық орталығын, Antikor ortalygy мен Сарыарқа ауданы әкімдігінің сервистік орталығын аралап көрді.

Бұл делегация мүшелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтатын қызметтерді көрсету процестерімен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар өзбек әріптестер Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен кездесті. Кездесулер аясында құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің алаңында қылмыстық процесті автоматтандыруды қамтамасыз ететін жүйелер таныстырылды.

Іс-шара соңында тараптар өзара тиімді, оның ішінде онлайн режимде семинарлар ұйымдастыру арқылы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендіктерін білдірді.

е