Әлем • 24 Желтоқсан, 2021

Бангладеште кемедегі 38 адам өртеніп кетті

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бангладештің Суганда өзенінде паромды шарпыған өрттен 38 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бангладеште кемедегі 38 адам өртеніп кетті

Оқиға жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат үштер шамасында болған. 

Өрт паромның машина тиелген залынан шыққан.

Джалакати ауданының әкімшісі Зохор Әлидің айтуынша, қаза тапқандар саны бұдан да артуы мүмкін, өйткені ауруханаға 50-ден астам адам түскен, кейбірінің жағдайы ауыр. Сонымен бірге бірқатар жолаушылар із-түзсіз жоғалып кеткен.