Тентек толқындары ақ езулене көкке атылған Каспийдің жағасындағы көрікті қала – Ақтаудың тұрғындары үшін жолақ кеудешесінен теңіз иісі мүңкіген теңізшілер таң емес. Су бетін айыра тіліп шартарапқа маңыған кемелер экипажындағы аға-інілерін, жұбайларын шығарып салып, күтіп алу – Ақтау айлағында жиі қайталанып жататын көрініс.
Алайда, көзсіңді құбылыстың ішінде де таңданатын тұстар жоқ емес екен. Ол өңкей жігіттермен бірге қара шашы желбіреп, мойылдай қара көзі нұрлана жымиып қаракөзді қыз баланың теңіз сапарына шығуы. Қыдырып жүрген емес, әскери тәртіппен сап түзеп, мойнына міндетті жауапкершілікті алған ару.
25 жастағы Жанар Ибраева – Ақтөбе өңірінің тумасы. Жоғары оқу орнынан заңгер мамандығын алған жас қызды бала кезінен қиялын баураған теңіз толқындары қол бұлғап, көк айдынға шақыра бергендей. Жаны қалаған қызмет өзіне тартпай тынбайды екен, Жанар ақыры өз мамандығынан бас тартып, теңізге бет бұрды. Жаңадан келген жасты, әсіресе, қыз баланы теңізге бірден шығару оңай емес. Сондықтан Жанар алғашында теңіз құрылымында қызмет етті, осылайша арманына бірте-бірте жақындай түсті. Жетті де. Ол соңғы бір жылдан бері Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің шекарасын күзететін «Орал» кемесінде байланысшы болып қызмет етеді. Телегей теңіз ортасындағы су көліктерін кәдуілгі өмірмен байланыстырып тұратын қызметтің жауапкершілігі айтпаса да түсінікті. Жанар қиын саланы бірден меңгеріп кеткен көрінеді. Сол себепті, қиын қызметті ерлерге тән қайсарлықпен, табандылықпен мүлтіксіз атқарып жүрген аруды әріптестері – экипаждағы 30 адам түгел мақтан тұтады. Теңіздегі шекара шебін қорғайтын отандық өнім «Орал» кемесінің Жанар үшін орны бөлек. Өйткені, Орал қаласында суға алғаш түсірілген сәтінен бастап осы кеме бортында келеді.
Әр саланың өз ырым-тыйымы, наным-сенімі болады. Теңізшілер арасында күні кешеге дейін «Кемеде әйел адам болмауы керек, болса бақытсыздыққа душар боласың» деген жазылмаған «заң» бар болатын. Керісінше, келгелі тек жақсылықтардың жаршысы болған сүйкімді қазақ қызы – экипаждағы жалғыз қыз ретінде құрметке ие, теңізшілер еркесі, демек ол әйелге қатысты әлгі түсінікті тас-талқан етті деуге болады. Мұны «Орал» кемесінің капитаны Қ.Шаршанқұловтың: «Кемені теңізге түсіргеннен бастап қыз бала әскери қызметші болып кетеді. Ер адамдардан кем болмай, абыроймен қызмет атқаруда», деген сөздері де дәлелдей түсті.
Ал Жанар болса өз басынан өткен ең қызықты да қиын сәт ретінде теңізшілер дәстүріне сай айдынға шыққан соң теңіз суын ішкен кезін күліп еске алады. Тұзы басым теңіздің кермек суын ішу тұрмақ, ауыз тиюдің өзі қиын болса да «тәртіпке» сай Жанар да ішкен.
«Кемедегілер үшін өмір мен өлімнің арақашықтығы кеменің қалыңдығындай» деген ұғым бар. Әрине, жамандықтың беті әрі болсын. Бұдан айтпағымыз, осыншалықты қиын жұмыстан бақыт тапқан Жанар қыздың тәуекелшіл талабына тәнті боласың.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04