
Қазақстан чемпионатында топ жарған боксшыларымызды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.
«Бұл ересектер арасындағы алғашқы жарысым. Жарысқа бапкеріммен Орал қаласында дайындалдым. Басты қарсыласыммен сол жерде жаттықтым және бірге спарнигке шықтық. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. 4 кездесу өткіздім. Қарсыластарымның барлығы Қазақстан чемпионы. Соңғы қарсыласым Даниал Сәбит деген ересектер арасындағы алдыңғы жылы Қазақстан чемпионы атанған, онымен финалда кездестім, өте мықты қарсылас. Алдағы жоспар, келер жылы Ташкент қаласында ересектер арасында Азия чемпионаты өтеді. Соған дайындаламыз. Барша қазақ елін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!», деді елордалық боксшы Санжар Тәшкенбай.
Естеріңізге салсақ, Орал қаласында бокстан ерлер арасында өткен Қазақстан чемпионаты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Оған еліміздің 17 өңірінен 212 боксшы қатысты.
Ел чемпионатында көптеген әлем және Азия чемпионатының жүлделерін алған спортшылар және жас жүлдеге таласушылар мен ұлттық құрамада жүрген боксшылар сыңға түсті. Жүлдегерлер қатарынан көрінген спортшылар ұлттық құрама қатарына кіріп, 2022 жылғы басты жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
«Орал қаласында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл өте маңызды жарыс болып саналады. Өйткені бұл чемпионатта жаңа құрама іріктеледі. Жасақталған құрама елімізді Азия ойындарында, әлем чемпионатында және басқа да жарыстарда бақтарын сынайтын болады. Батыс Қазақстан бокс федерациясының президенті Бауыржан Кәрімовке және оның әріптестері мен командасына алғыс айтқым келеді. Жарысты жоғары деңгейде өткізді. Біздің спортшылар барлық күш-жігерімізді ақтады. Осының барлығы адал еңбек пен таза жеңістің арқасында», деді Нұр-Сұлтан қаласының аға жаттықтырушысы Асқар Еркебаев.
Ең жеңіл салмақта чемпиондық атақ - жастар арасындағы елордалық әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайға бұйырды. Финалдық кездесуде Нұр-Сұлтан қаласының боксшысы ринг қожайыны, былтырғы Қазақстан чемпионы Даниал Сәбитті жеңді.
Ағайынды Оралбайлар өздерінің мықты екендерін осы чемпионат барысында тағы бір дәлелдеді. Айбек пен Нұрбек 80 және 92 келіде ел чемпионы атанды. Нұрбек Ақтөбе облысының өкілі Жәнібек Қартбайдан басым түссе, Айбек жарыста Абзал Құттыбековті жеңді.
Осылайша, жүлделер бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аға бапкері Асқар Еркебаевтың және Нұржан Нишановтың шәкірттері жеңімпаз атанды. Олар үш алтын жүлде еншіледі.
Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте Нұр-Сұлтан құрамасы көш бастады. Екінші орынға Түркістан облысының құрамасы жайғасса, үздік үштікті Қарағанды облысының боксшылары түйіндеді.
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұрпақ тәрбиесіндегі алтын қазық
Білім • Кеше
«Жасыл дәліздің» жақсылығы мол
Медицина • Кеше
Медицина • Кеше
Абайдың философиялық көзқарасы
Абай • Кеше
Арзан бензин көршілерге кетіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Учаскелік инспектор халықтың көңілінен шыға ма?
Қоғам • Кеше
Ұлт ұстазы және Батпақты мектебі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Таным • Кеше
Таным • Кеше
Өнер • Кеше
Фильмге арқау болған жанкешті ерлік
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Таным • Кеше
Сұхбат • Кеше
Қоғам • Кеше
Ұлттық тәрбие – асыл қазынамыз
Қоғам • Кеше
Грант алуға өтінім қабылдау басталды
Бизнес • Кеше
Өнер • Кеше
«Астана» сапына француз футболшысы қосылды
Футбол • Кеше
Елордада Сығанақ көшесіндегі учаске жабылды
Елорда • Кеше
Елордалық ҚХА өкілдері киелі орындарды аралады
Елорда • Кеше
Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ
Әлем • Кеше
Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Елорда • Кеше
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Кеше
Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі
Экология • Кеше
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Кеше
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Кеше
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Кеше
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар