Өнер • 25 Желтоқсан, 2021

Әлішер Кәрімов пен Amre ресейлік «Голос» шоуының финалына өтті

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Әлішер Кәрімов пен Amre лақап атпен танымал Ернар Садырбаев ресейлік «Голос» шоуының финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлішер Кәрімов пен Amre ресейлік «Голос» шоуының финалына өтті

Әр тәлімгердің командасынан екі адам жартылай финалда өнер көрсетті. Ернар Садырбаев Дима Биланның командасында. 

Сахнада ол «Подбери музыку» (мәтін авторы Андрей Вознесенский, композитор Раймонд Паульс) композициясын орындады.

Шәкірттерінің өнерінен кейін Дима Билан 60 пайыз дауысын Ернар Садырбаевқа, 40 пайызын Ильхам Тагировқа берді.

Көрермендер дауысынан кейін Amre жалпы 128,5 пайыз дауыс жинап, финалға шықты. Тагировта 71,5 пайыз дауыс болды.

Тағы бір қазақстандық Әлішер Кәрімов финалға шығу үшін ресейлік Татьяна Качуринамен бақ сынасты. Олардың командасы Александр Градский биыл 28 қарашада қайтыс болғаннан кейін тәлімгерсіз қалған еді. 

Әлішер Кәрімов «Я тебя никогда не забуду» (мәтін авторы Андрей Вознесенский, композитор Алексей Рыбников) әнін орындады.

Финалист көрермендердің даусымен таңдалды. Нәтижесінде Әлішер Кәрімов 52 пайыз, Татьяна Качурина 48 пайыз жинады. Осылайша қазақстандық әнші шоу финалына өтті.

Жалпы «Ресей дауысы» шоуының финалына Әлішер Кәрімов, Ернар Садырбаев, Александр Волкодав және Элина Пан шықты. 

Төрт қатысушы арасында жеңімпаз 30 желтоқсанда анықталады.