Президент • 25 Желтоқсан, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев ревакцинациядан келесі жылдың қаңтар айында өтеді

1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев ревакцинациядан келесі жылдың қаңтар айында өтеді

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр.

Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44