Елорда • 25 Желтоқсан, 2021

Елордада ауған жауынгерлерін еске алу шарасы өтті

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан қазақстандықтарға арналған мемориалдың жанында шектеулі әскери контингенттің шығарылғанына 42 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Елордада ауған жауынгерлерін еске алу шарасы өтті

Оған Ауған соғысының ардагерлері, қорғаныс ведомствосының және басқа да күштік құрылымдардың өкілдері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінің тәрбиеленушілері қатысты.

Тарих еншісіндегі оқиғалар соғыс ардагерлерінің есінде, сондықтан осындай әрбір кездесу ерекше құнды.

«Ауғанстан – өткен тарих қана емес. Бұл – сарбаздардың әскери борышын орындаудағы табандылығы мен батылдығының, сенім мен патриоттық рухының нышаны. Жауынгерлердің әскери және азаматтық парызын ерлікпен орындағаны әрдайым жадымызда», деді Ауған соғысының ардагері, тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Ауған соғысына қатысқан 15 мыңнан астам адам тұрады.

Еске алу шарасын «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі, Қорғаныс министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырды.