Бокс • 26 Желтоқсан, 2021

Промоутер 2022 жылы Канелоның қарсыласы кім болатынын айтты

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес (57-1-2, 39 КО) жартылай ауыр салмаққа ауысса, осы салмақта барлық белбеуді жеңе алатынына сенетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Промоутер 2022 жылы Канелоның қарсыласы кім болатынын айтты

Бұл туралы vRINGe.com порталы жазады.

«Ол өте мықты. Пандемия кезінде 12 айдың ішінде төрт кездесу өткізіп, бұған дейін жеңілмеген Каллум Смит, Билли Джо Сондрес және Калеб Планттан айласын асырып, әлемнің абсолют чемпионы атанды. Биыл біз оның төрт кездесуінің үшеуін ұйымдастыруға көмектестік. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта да Канелоның айқастарын ұйымдастыруға көмектесеміз деп сенеміз. 

Енді Канело бесінші дивизионды - бірінші ауыр салмақты бағындыруды армандап жүр. Мен бұл туралы боксшының командасынан естідім. Менің ойымша, Саульдің бұл салмақты бағындыруға шамасы жетеді. Ол енді Дмитрий Бивол, Джо Смит және Артур Бетербиевпен кездесуі керек деп ойлаймын. Бір жылдың ішінде Альварес аталған үш боксшыны да жеңе алады деп сенемін. 

Ол қазірдің өзінде бокстың аңызына айналды. Дегенмен тарихты жаңарту үшін Канело бұдан да көп дүние істей алады. Оның үстіне Сауль мен оның бапкері Эдди Рейноса бұл туралы айтып жүр. Екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы болғанын елестетіп көріңізші. Сол кезде ол шынында да, бокс тарихының аңыз боксшылары арасында көш бастайды. Жуырда мен Рейносомен сөйлестім. Алдағы уақытта біз оларға ресми ұсыныс жасаймыз. Ал шешімді олар қаңтарда шығаратын шығар», дейді промоутер.