Естеріңізге сала кетейік, биыл қазан айының басында ҚРКФ кезектен тыс онлайн конференциясында грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жаңа президенті болып бұған дейін орынбасарлық қызмет атқарған Ерлан Қожасбай сайланған болатын. Ол Сауат Мыңбаевтың орнын басты. Жаңа басшы келе сала федерацияның вице-президенттері Дәулет Тұрлыханов, Гүзель Манюрова, Сәкен Мұсайбеков және Данияр Әбілғазинді қызметінен босатты.
Жоғарыдағы жағдай көпшілікті қанағаттандырған жоқ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың атына ашық хат жазған аймақтық федерация басшылары сайлау нәтижесімен келіспеді. Облыстық ұйым басшылары сайлау кезінде болған өрескел заң бұзушылықтарға тоқталып, қайта сайлау өткізуді сұрады. Олардың бұл өтініші қанағаттандырылды. Нәтижесінде, даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов күрес федерациясының тізгінін ұстады.