Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2021

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 225 адамның жағдайы ауыр

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 225 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz  Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 225 адамның жағдайы ауыр

«Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 17 619 адам коронавирус инфекциясынан (–15 533+ және 2 086 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 813 пациент стационарда жатыр, 14 806 науқас амбулаторияда емделіп жүр», делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 225 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 53 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.