Теннис • 27 Желтоқсан, 2021

WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разряд рейтингтерінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап..

WTA рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды

Рейтингте аустралиялық Эшли Барти көш бастап тұр, екінші орында - белоруссиялық Арина Соболенко, үшінші орында - испандық спортшы Гарбинье Мугуруса.

Қазақстанның өкілі Елена Рыбакина 14-ші орында қалды, Юлия Путинцева бұрынғыдай 42-ші, Зарина Дияс 102-ші орынды сақтап қалды.

Жұптық разряд рейтингінде Чехия спортшылары Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова және қытайлық Се Су-Вей көш бастап тұр. Рыбакина 50-ші қатардан көрінді, Анна Данилина - 75-ші, Дияс бір жолға төмен түсіп, 180-ші орынды иеленді.