Елорда • 27 Желтоқсан, 2021

Нұр-Сұлтанда скандинавиялық жүрістен фестиваль өтті

349 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін елордадағы шаңғыроллер тас жолында «Қолжетімді спорт» жобасының бірінші маусымы Скандинавиялық жүріс фестивалімен жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанда скандинавиялық жүрістен фестиваль өтті

Қазан, қараша және желтоқсан аралығында елорда тұрғындарына тегін жаттығу үшін спорттың 11 түрі ұсынылды. Жобаға жоғары санатты жаттықтырушылар, спорт шеберлері, білікті нұсқаушылар қатысты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтып кеткендей бұқаралық спортты дамыту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен және Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен «Қолжетімді спорт» жобасы қолға алынған болатын. Қазан, қараша, желтоқсан айларында Нұр-Сұлтан қаласының барлық саябақтарында, сонымен қатар қысқы уақытта қаланың 40 аумағында 5000-нан астам адам «Қолжетімді спорт» жобасы аясында спорттың 11 түрімен айналысты. Бүгінгі скандинавиялық жүгіріске 200-ге жуық жас және ардагер спортшы қатысып жатыр», деді қаладық Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

п

Сабақтар қазан айы бойы елорданың саябақтары мен алаңдарында жүргізіліп, күн суыта бастаған соң барлық сабақтар елорданың жаттығу орталықтарына ауыстырылды. Кез келген қала тұрғыны аптасына 3 рет жаттыға алуға мүмкіндік алды. Жаттығулар аула клубтарында, спорт орталықтарында және спорт сарайларында, соның ішінде «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика аренасында, «Тәуелсіздік» сарайында және «Алау» мұз айдынында өтті.

Жоба елорда тұрғындары арасында танымал болды. Жобаға 3 айда 20 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында елорда тұрғындары үшін барлық сабақтар тегін өткізілді.

п

«Мен зейнеткермін. Осы скандинавиялық жүріске қатысып жатқаныма үш ай болды. Қалалық әкімдікке, өзіміздің тренер Гүлзипа Құмырағазықызына үлкен алғыс айтамыз. Бізге таяқшаны тегін берді. Күн сайын жаттықтырады. Бұл - денсаулыққа өте пайдалы. Қан айналымына жақсы әсер етеді. Алғысымыз шексіз!», деді қала тұрғыны Есгүл Қалиева.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыруға сәйкес, елордада «Қолжетімді спорт» жобасы іске қосылып, оның аясында елорда тұрғындары спорттың 11 түрі бойынша ашық ауада, жабық алаңдарда жаттығуларға қатысқан болатын. Барлық дерлік сабақтар білікті жаттықтырушылармен тегін өткізілді.

Аталған жоба 2022 жылы да өз жұмысын жалғастырады деп жоспарланып отыр.

п