Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021

Таразда пойыз төбесіне шыққан жасөспірімді ток соқты

1710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде пойыздың төбесіне шыққан жасөспірімді ток соққаны туралы видео пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда пойыз төбесіне шыққан жасөспірімді ток соқты

«Аталған факті Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы, 2-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу» бойынша тіркелген», деді Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.