Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архиві «Елорда – тәуелсіздік символы» атты ғылыми басылым шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылыми-көпшілік басылымда архив құжаттары мен материалдарының репрезентативті негізінде Қазақстанның қазіргі астанасының тарихы жүйелі түрде жазылған. Елорданың қалыптасу тарихының бастау-бұлақтары мен маңызды кезеңдері, жоғарғы және орталық мекемелерді көшіру бойынша мемлекеттік комиссияның жұмысы, астананы көшірудің стратегиялық бағыттары, Тұңғыш Президентіміздің рөлі, астаналық қаланың даму концепциясы мен күнделікті тарихы, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы және соның аясында қызмет еткен алғашқы қалабасыларының жұмыстары көрсетіледі.
Кітап «Тәуелсіздік», «Елбасы», «Елорда» және «Архив құжаттарындағы Астана» деп аталатын төрт бөлімнен тұрады, соңғы жағында түсініктемелер, биографиялық анықтамалар, қосымшалар және құжаттар мен материалдардың тізімі берілген.
Қазіргі Қазақстан тарихындағы төртінші астанамыз саналатын қаланың атауы, бүгінге дейін үш рет өзгергені, белгілі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ астананы көшіру идеясы пайда болған. Бұл 1992 жыл. Осы жылы қалаға Ақмола атауы қайтарылады. Астананы көшіру процесі бас-аяғы үш-төрт жылға созылды. Көп кешікпей, ұлттық экономикамыз тұрақтанған 1998 жылы Ақмола қаласы Астана атауын алады. Араға біраз жылдар салып, қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне қала атауы «Нұр-Сұлтан» аталды. Осы ретте айта кетерлігі, авторлар 90-жылдардың аяғына қарай, астананың тұсаукесері қарсаңында Ақмола өңірінен шыққан бір топ зиялы қауым өкілдерінің Үкімет, Сенат пен Мәжілістің атына Қазақстан астанасын «Нұр-Сұлтан» деп атау туралы мәлімдеме жасағанын және оның араған жиырма жылдай уақыт салып іске асырылғанын жазылған.
Кітаптың соңғы тарауында еліміздің астанасы туралы «Қалалық әкімшілік құжаттары», «Астананы көшіру туралы материалдар», «Арнайы экономикалық аймақтар және қаланың даму жоспары», «Астана-Нұр-Сұлтан» деп аталатын тараулар бойынша бұрын-соңды айналымға ене қоймаған тың архив құжаттары берілген.
Сонымен қатар қосымшалар арқылы «Астананың құрметті азаматтары» мен 1990 жылдан 2021 жылға дейінгі Нұр-Сұлтан қаласында орнатылған ескерткіштер тізімі және Нұр-Сұлтан қаласының бауырлас-қалалар мен серіктестері туралы қызықты мәліметтер көрсетілген.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында шыққан басылымның мақсаты да қазіргі жастардың тарихи санасын жетілдіруге бағытталған.
Қазақстан, Әзербайжан және Түркия көлік-логистика мәселелерін талқылады
Қазақстан • Бүгін, 21:00
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Бүгін, 20:40
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:23
Президент мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 20:02
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заң жобасы әзірленді
Қазақстан • Бүгін, 19:53
Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады
Президент • Бүгін, 19:30
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 19:17
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Бүгін, 18:57
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 18:38
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 18:18
«Miras» кеңесінде Ұлттық құрылтайдың міндеті талқыланды
Қоғам • Бүгін, 17:53
Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 17:44
Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады
Спорт • Бүгін, 17:37
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Бүгін, 17:22
Қазақконцерт пен ТҮРКСОЙ Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды
Қоғам • Бүгін, 17:10
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 17:01
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 16:45
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Бүгін, 16:36
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Бүгін, 16:28
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қаржы • Бүгін, 16:10
Жамбыл облысы Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:02
Шымкентте күннің ыстығынан көлік өртенді
Оқиға • Бүгін, 15:53
Қазақстанда құс еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:43
ҰБТ: 267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Білім • Бүгін, 15:37
Түркістан облысы тұрғынының ауласынан 30 түп сора табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Елордада «Нартай» фильмінің тегін көрсетілімі өтті
Өнер • Бүгін, 15:18
Қазақстан криптоактивтерді шығару бойынша әлемде екінші орында тұр
Қазақстан • Бүгін, 15:08
IPO-ға қатысу халық үшін қолжетімді болуы қажет – Президент
Қоғам • Бүгін, 15:03
Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:57
Президент: Елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет
Президент • Бүгін, 14:50
Ұлыбритания Ресей алтынын импорттаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:44
Қазақстандықтардың салыққа берешегі 24,3 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:35
Үйінде есірткі сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жаңа облыстардың тұрғындарына көлік нөмірін ауыстырудың қажеті жоқ
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Ресей сыртқы қарызы бойынша дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 14:13
Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 13:53
Қытай Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:43
Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады
Руханият • Бүгін, 13:31
Ұқсас жаңалықтар