Кәсіпқой бокс • 27 Желтоқсан, 2021

Расс Анбер: Ломаченкоға мүмкіндік бермеу – ғасыр қылмысы

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі бокс маманы Расс Анбер Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы, кәсіпқой бокста үш салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы Василий Ломаченконың кәсіби мансабы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Расс Анбер: Ломаченкоға мүмкіндік бермеу – ғасыр қылмысы

«Барлық БАҚ пен жанкүйерлер бір күндері белгілі бір боксшыны қаһарман санап, келесі күні оның есімін сана төрінен өшіруге бейіл тұрады. Василий Ломаченко Теофимо Лопеске аз ғана ұпай айырмасымен жеңілгеннен кейін оны есептен шығарғандардың санында шек болмады. Оны жоқ санағандардың да қарасы артты.  

Лопестен кейін Вася екі бірдей мықты боксшымен қолғап түйістірді. Соған қарамастан оның әлем чемпионы атануына әлі мүмкіндік берілмей тұр. Бұлай жалғаса берсе, мұндай қадамды ғасыр қылмысы демеске амал жоқ. Василий кәсіпқой рингте 3 салмақта ең жылдам чемпион атанған адам. Оның жеткен жетістігі бәріне де арман. Сондықтан бәріне түсіністікпен қарау керек», дейді ол.